0
Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің
қамқоршылық кеңес отырысының
№ 2 ХАТТАМАСЫ
Р. Сабденов ауылы 26.04.2019 ж
Қатысқандар:
Мектеп директоры: Белгибаев М. Е.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Аденов Қ.
Қамқоршылық кеңес мүшелері
Мектеп психологы: Исаева М. М.
Мектеп инспекторы: Байтишев С.
Күн тәртібінде
1. Мектеп директоры М. Е. Белгибаевтың 2019 жылдың І жарты жылдықтағы әр түрлі санаттағы балалармен жасалған жұмыс есебі.
2. Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мәселелері, психологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша жалпы ақпарат беру.
3. Оқушылардың отбасы жағдайын зерделеу, құқық бұзушылықты алдын алу туралы мәлімет.
Тыңдалды. Қ. Аденов – Қамқоршылық кеңес төрағасы:
- Құрметті кеңес мүшелері және кеңеске қатысушы мұғалімдер! Бүгінгі қамқоршылық кеңес отырысында күн тәртібінде екі мәселені қараймыз. – деп жиналысты жүргізіп отырды.
Белгибаев М. Е. – мектеп директоры:
Мектеп директоры алғашқы мәселе бойынша өз баяндамасын оқып, атқарылған жұмыс барысы туралы мәлімет берді.
2018 – 2019 оқу жылында әр түрлі санаттағы отбасынан шыққан 58 бала және 1 сыныптың 41 оқушысы мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
2018 жылдың 24 желтоқсан айында аудандық білім бөлімінен 15 сырт киім (куртка) берілді. Тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға үлестірілді.
Желтоқсан айында мектепте «Тілектер шыршасы» акциясы өтті. Бастауыш сынып оқушылары Аяз атаға өз қалауларын қағаз бетіне түсіріп, хат жазды. Сол акцияға демеушілер тартылып 13 балаға әр түрлі сыйлықтар тапсырылды.
Облыс әкімінің шыршасына көпбалалы отбасынан шыққан 5 сынып оқушысы Әшімбек Шұғыла жіберілді.
Аудан әкімінің шыршасына үш оқушы қатысты. Олар: 3 сынып оқушысы Жапан Данияр, үйден оқытылатын 5 сынып оқушысы Медерқұл Ақмарал, 6 сынып оқушысы Асқаров Нұрсұлтан.
2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында мектепте «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілді.
Ата – аналардың, педагогтардың демеушілігімен жиналған қаражатқа аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім отбасыларынан шыққан 17 балаға 43000 мың теңге көлемінде киім – кешек, оқу құралдары, мектеп формасы, аяқ киімдермен көмек көрсетіліп, акт жасалып бекітілді.
Үйден оқытылатын 5 оқушыда киіммен, оқу құралдарымен қамтылды.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі Байгожаев А. С. сөз алды:
- Жалпы әкімшілік қызметкері ретінде мектептің жасап отырған жұмысын көріп жүрміз. Әлеуметтік аз қамтылған отбасында тәрбиеленуші балаларға көрсетілген көмек айтарлықтай жақсы деңгейге қойылған. Мектеп директорының есебін «қанағаттанарлық» деп бағалаймын.
Қ. Аденов – Қамқоршылық кеңес төрағасы:
Әр мұғалім оқушының жан дүниесіне үңілетін болса, дер кезінде оның мәселесін тауып, дұрыс бағыт беруге негізделеді. Бала тәрбиесінде оқу – тәрбие үдерісінде балалардың әрқайсысына тән жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін есепке алып көмек көрсету керектігін баса айтты.
Келесі мәселе бойынша мектеп психологы Исаева М. М. сөз алды:
Оқушылар күндізгі белсенді уақытының бір бөлігін мектепте өткізетінін, олардың эмоционалдық көніл-күйі мен іс-әрекетіндегі өзгерістерді сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері байқайды. Мектеп психологы өз тарапынан жасөспірімдерге қандай қолдау көрсетуге болады, олармен қай бағытта жұмыстар атқарылатынына тоқтала кетті. Жыл бойына өз-өзіне қол жұмсау жұмыстарының алдын-алу мақсатында ортаңғы буын оқушыларынан Филлипс тесті,оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы көзқарастарын анықтау мақсатында «Оқушыда кездесетін қиыншылықтарды анықтау сауалнамасы», жоғарғы сынып оқушыларынан К.Хек пен Х.Хесстің неврозды жедел диагностикалау» әдістемесі, М.Фергюссон мен Д.Расселдің «Жалғыздық сезімінің деңгейін анықтау» әдістемесі, ЮНИСЕФ- тің жобасы бойынша жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында сауалнама және Аппелс тесті алынғандығын айтты. Жүргізілген зерттеулер оң нәтижесін көрсетті.
Келесі мәселе бойынша мектеп инспекторы С. Байтишев мектептегі Қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есеп беріп өтті:
Бізді бүгінгі жасөспірімдер арасындағы күрделі шиеленістердің көбеюі алаңдатады. Бұл шиеленістердің, келіспеушіліктердің алдын алу қажет деп ойлаймыз. Себебі, бұл балаларымыздың болашақтарына үлкен кедергі жасайды. Өз баласын тәрбиелеу – азаматтық маңызды міндеті, оның азаматтық парызы.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жолға түсуі тұрмыстық қолайсыздықтар, қатігездік емес, көп жағдайлардағы ата – аналардың немқұрайлығы да көп айтылуда.
Бұл күнде кәмелеттік жасқа толмағандар да көптеген қылмыстар жасайды. Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысты қоғам және оның болашағы үшін үлкен қатер, жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі барып тұрған қасіретті құбылыс.
Жасөспірімдердің ішінде қылмыскерлер көп қоғам адамгершілік дәрежесі төмен қоғам болып саналмақ. Сондықтан жас буынға қамқорлық жасау тек қана мемлекеттік емес, әр отбасының, әр мектептің, баласы бар адамдардың барлығының бірден-бір міндеті болып табылады.
Мектеп бойынша Аудандық Кәмелетке толмаған ішкі істер бөлімінің есебінде және мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ екенін атап өтті.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі Бохаев Б. сөз алды:
- Мектеп инспекторы С. Байтишевтың еңбегіне қанағаттанарлық баға беріп, алдағы уақытта оқушылар арасында тәртіп бұзушылық әрекеттердің орын алмауына назар аударуды баса ескертті.
ШЕШІМІ:
1. Көмекті қажет ететін отбасы балаларына қайырымдылық көмек беру, материалдық қолдау көрсету жұмыстары жүргізілсін.
2. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жөніндегі іс-шаралар өз деңгейінде жүргізілсін.
3. Іс-шараларды уақытында, сапалы жүзеге асыру директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарға жүктелсін.
4. Оқушылар арасында тәртіп бұзушылық әрекеттердің орын алмауына назар аударылсын.
1. Аденов Қ қамқоршылық кеңесінің төрағасы
2. Байгожаев А.С. қамқоршылық кеңесінің мүшесі
3. Тойгулов Б.А. қамқоршылық кеңесінің мүшесі
4. Бохаев Б.К. қамқоршылық кеңесінің мүшесі
5. Харантаева А. С. қамқоршылық кеңесінің мүшесі
6. Човдырбаева П. қамқоршылық кеңесінің мүшесі
7. Отарымбетова З.Қ. қамқоршылық кеңесінің мүшесі
8. Садыбеков Б.А. қамқоршылық кеңесінің мүшесі
9. Акшолакова Р.Ж. қамқоршылық кеңесінің хатшысы